Нұр-Сұлтан маңында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады

21.06.2019 00:07

Апат салдарынан ұшқыш қаза тапты

Tengrinews.kz.

Ақмола облысы Родина ауылының маңында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады. Бұл мәліметті ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов растады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«20 маусымда шамамен сағат 10.00-де Ақмола облысы Целиноград ауданы Родина ауылынан 10 шақырым жерде егістікте химиялық өңдеу жүргізу кезінде АН-2 ұшағы апатқа ұшырады»,  деді Нұрахметов.

Апат салдарынан ұшқыш қаза тауып, экипаждың екі мүшесі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, аталған дерек бойынша тергеу жүргізіледі.