Алматыда жолда өртсөндіргішпен пранк жасағандар анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жастар өрт сөндіргішті іске қосып, қоғамдық орында өтіп бара жатқан адамдарды қорқытқан.
"6.09.1999 жылы туған Әлиакбаров, 26.06.2002 жылы туған Армиянов және оператордың (қазіргі уақытта жеке басы анықталып жатыр) әрекеті ҚК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша сараланды.
Армиянов бұған дейін метрода жолаушылардың мазасын алып, музыканың дыбысын қатты шығарып пранк жасағандардың бірі және бұған дейін ҚР ҚК-ның 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл әрекеттері айыппұл немесе әкімшілік қамауға алуға жатады.
Жинақталған әкімшілік іс жүргізу материалы шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. 24 қарашада мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қаулысымен Әлиакбаров әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілікке тартылды. Армияновқа қатысты тексеру жұмыстары жалғасып жатыр", - деді Рустам Әбдірахманов.