ШҚО-да 9 жасар бала із-түссіз жоғалып кетті
https://www.inform.kz/
24 қаңтар күні сағат 9.00 шамасында үйден шығып кеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Семейде із-түссіз жоғалып кеткен 9 жасар бала іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
24 қаңтар күні сағат 9.00 шамасында үйден шығып кеткен Айдар Егізбаев сол күйі қайтып оралмаған. Бүгінде тәртіп сақшылары іздестіру шараларын жүргізуде. Жоғалған баланы табуға еріктілер де атсалысуда.
«Айдардың бойы 120 см. Арық денелі, шашы қысқа, көзі қоңыр. Сары спорттық күртеше, шапка, шалбар, қара етік киген. Балаға қатысты қандай да бір ақпарат білетіндерден «102» желісіне хабарласуды сұраймыз», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында. Талғатжан Мұхаметбекұлы.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
05.11.2026 08:43