Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс ТЖК ерекше бақылауында
Өткен аптада еліміздің су айдындарында 17 адам суға батып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс ТЖК ерекше бақылауында. Суда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, ТЖК алдын алу жұмыстарын жүргізеді, күн сайын азаматтық қорғау органдары мен полиция қызметкерлерінің қатысуымен рейдтер мен патрульдеу жүзеге асырылады.
Суға шомылу маусымы басталғаннан бері ағымдағы жылы еліміздің су айдындарында 88 адам, оның ішінде 16 бала құтқарылды.
Мәселен, Арыс қаласының Қожатоғай ауылдық округінде Шөгірлі ауылынан 20 шақырым жерде Сырдария өзенінде құтқарушылар мен полиция қызметкерлері 1978 жылы туған ер адамды іздеу жұмыстарын жүргізді, ол 1 тамызда түнде суға шомылу үшін жабдықталмаған орында суға шомылу кезінде жоғалып кеткен.
2 тамыз күні таңертең ТЖД іздестіру тобы жоғалған адамды өзеннің қарсы бетіндегі жағалауда оқиға орнынан 1 шақырым жерде табылды, медициналық көмекке мұқтаж емес, жағалауда ұйықтап қалған екен.
Сонымен қатар, суға шомылу кезеңінің басынан бастап (ағымдағы жылдың 1 маусымынан 31 шілдеге дейін) өз күштерін бағаламау себептері бойынша, суға шомылу кезінде алкогольдік мас күйінде, суға батушыны құтқару және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру кезінде 174 адам (2019 жылы 225), оның ішінде 53 бала (2019 жылы 75 бала) суға кетіп, көз жұмды.
Ал суға шомылу маусымы басталғаннан бері Ақтөбе - 18 (2019 ж. – 11), Шығыс Қазақстан – 35 (2019 ж. – 32) облыстарында суға батып кеткен адамдардың саны өскені байқалады.
Ағымдағы жылғы 27 шілде мен 2 тамыз аралығында 17 адам, оның ішінде 5-еуі кәмелеттік жасқа жетпеген балалар суға батып, көз жұмды.
Адамдардың суда қаза болуының алдын алу мақсатында мүделлі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шаралар кешенін өткізуде.
Елімізде суға шомылуға рұқсат етілген 445 орын анықталды, 5260 ескерту белгісі орнатылды. Адамдардың су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеке жағажайлардың 689 құтқарушы- жасақшыны оқытты.
Полиция департаменті мен волонтерлік ұйымдармен бірігіп қоғамдық орындардағы жүріс-тұрыс және су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын бұзушыларды анықтау бойынша бірлескен рейдтер мен патрульдеу жүргізілуде.
Ағымдағы жылғы 1 маусымнан бастап 16 мың рейд және патрульдеу жүргізілді, 4 557 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, «Қоғамдық орындарда болу қағидаларын бұзу» ӘҚБК 440-бабы және «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу» 364-бабы бойынша 8,6 млн. теңге айыппұл салынды.
Рейд іс-шаралары барысында су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары бойынша халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, үгіт-насихаттау өнімдері (парақшалар, жаднамалар) таратылады. Барлығы 363 891 мың өнім таратылды.