Қарағанды облысында 4 жасар сәби терезеден құлап көз жұмды

27.05.2020 18:08

Қайғылы оқиға 26 мамырда кешкі сағат 21:10-да тіркелген

Литер

Қарағанды облысы Сарышаған бекетіндегі көпқабатты үйдің бесінші қабатындағы терезеден 4 жасар сәби ойнап отырып құлап кеткен. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қайғылы оқиға 26 мамырда кешкі сағат 21:10-да тіркелген. 4 жастағы қыз бала жедел ауруханаға жеткізілгенімен, ауыр жарақаттары салдарынан жансақтау бөлімінде көз жұмды», - делінген хабарламада.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының дерегінше, жыл басынан бері облыста 7 бала терезеден құлап кеткен. Оқыс оқиғалар Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Жезқазған және Шахтинск қалаларында тіркелген. Барлығында балалар ауыр жарақатпен аман қалған.