Бейресми ақпарат бойынша жігіттердің арасында өзара келіспеушілік болған
15 мамырда Атырау облысы, Мақат кентінде төбелес болып, соңы атысқа ұласты, салдарынан бір адам ауыр жарақаттан қайтыс болса, екіншісі жарақат алған, деп хабарлайды АқЖайық.
Бейресми ақпарат бойынша жігіттердің арасында өзара келіспеушілік болған. Текетіресте аңшылық шолақ мылтық қолданылған. Оқиға орнында 35 жастағы бір ер адам қаза болып, 29 жастағысы жарақатпен аудандық ауруханаға түсті.
Атырау облыстық полиция департаментінің өкілі Гүлназира Мұқтарованың хабарлауы бойынша, күдікті азаматтар анықталып, оның біреуі ұсталып, қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен (Кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.