|
31.03.2020 | 12:15
1085

Оралда «ВАЗ-2115» автокөлік блокбекетке соғылды

Оқиға 30 наурыз күні кешкісін Зачаган кентінде орын алды

Оралда «ВАЗ-2115»  автокөлік блокбекетке соғылды

Оралда автокөлік блокбекетке соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 30 наурыз күні кешкісін Зачаган кентінде орын алды. «ВАЗ-2115» автокөлігі қаланың шетінде орнатылған блокбекетке соғылды. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі, полиция полковнигі Болатбек Белгібековтің айтуынша, блокбекетте тұрған полиция қызметкерлерінің ескертуіне қарамастан, автокөлік блокты соғып кеткен. Жүргізуші сау, ешкім зардап шеккен жоқ.

«Жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 610-бабына сәйкес (айыппұл салу) хаттама толтырылды», - деді Б.Белгібеков. Батыс Қазақстан облысында бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес коронавирустің таралуына тосқауыл қою мақсатында 31 наурыз күні сағат 00.00-ден бастап қосымша шектеу шаралары енгізілді. Осыған орай облыс бойынша 90, соның ішінде Орал қаласында 8 блокбекет орнатылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир