Алматы облысында зауытта жарылыс болды: бір адам ауруханада жатыр

02.09.2022 17:16

31 тамызда Іле ауданы, Өтеген батыр ауылында PolpanInsulation зауытында газ-ауа қоспасының жарылысы болды

Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысының дәрігерлері зауыттағы жарылыстан зардап шеккендердің жағдайын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен бес адамның ішінде 53 жастағы ер адам әлі ауруханада жатыр.

"Іле аудандық ауруханасына 5 адам жатқызылды. Кейін олардың төртеуі амбулаторлық емдеуге жіберілді. Бір науқас бетінің, екі аяғының, кеуде қуысының 2-3 А дәрежелі күйік шалуымен травматология бөліміне жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр", - делінген облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хабарламасында.


Еске салсақ, 31 тамызда Іле ауданы, Өтеген батыр ауылында PolpanInsulation зауытында газ-ауа қоспасының жарылысы болды.

Төтенше жағдай салдарынан корпус өртеніп, жалпы ауданы 400 шаршы метрді құрайтын аумақта шатыр мен қабырғалар опырылған. Бір адам қайтыс болды.