Куәгерлердің айтуынша, оқиға қаладағы "Роща" аялдамасының маңында болған
Семейдегі кәріз құдықтарының бірінен екі ер адамның денесі табылды. Болжам бойынша олар құдықта жиналған газдың уланған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.
Семей қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі осы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"21 шілдеде Затон полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеуді бастады, оның аясында бірқатар сараптама тағайындалды. Істің барлық мән-жайын анықтаудың жан-жақты, толық және әділдігін қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді ведомствода.