Ақтөбе облысында мал іздеуге шыққан екі көрші өзенге батып кетті

24.11.2021 в 21:17

Туыстарының айтуынша, екі көрші мал іздеуге шыққан

Ақтөбеде Темір ауданының екі тұрғыны Темір өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қайғылы оқиға кеше болған. Аудан тұрғыны өзеннен адамның мәйітін тапқанын айтып, полицияға хабар берген. Оқиға болған жерге дереу жеткен полицейлер мен құтқарушылар Кеңқияқ ауылының 65 жастағы тұрғынының мәйітін судан шығарып алды.

«Туыстарына сұрақ қою кезінде марқұмның көршісімен бірге мал іздеуге кеткені анықталды. Тереңдігі шамамен 2,5 метр болатын өзен түбінен сүңгуірлер 63 жастағы көршісінің мәйітін тауып алып шықты», – деді ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.