Алматыда автобус бойжеткенді басып кетті

03.09.2019 в 17:53

Қайғылы жағдай бүгін таңғы 8-дер шамасында болған

Алматыда бойжеткенді басып кеткен автобустың видеосы әлеуметтік желіде тараған. №45 бағыт бүгін таңғы 8-дер шамасында Өтеген батыр көшесімен оңтүстік бағытқа бұрыла берген кезде, жүргіншіні басып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

"Алматыэлектротранс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өкілдері берген мәліметтерге сүйенсек, оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қыз балаға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Аталған жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.