Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті

inform.kz
inform.kz
Жарылыс кезінде ТЖМ-ның 50-ге жуық қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақатын алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны он үш адамға жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Нақтыланған мәліметтер бойынша, Жамбыл облысындағы тағы бір адамның денесі табылды. Оның аты-жөні анықталып жатыр», – делінген хабарламада.

Қайтыс болғандар арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар. 1. Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қ. 3-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушы Арнұр Серікұлы Темірболатов.

2. Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қ. 3 – ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушы Елдос Қадырбайұлы Сандыбаев.

3. Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі, өрт сөндіру басшысының орынбасары Александр Николаевич Микропуло.

4. Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қаласы 1 – МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушы Тәңіберген Кұдайбергенұлы Төребеков.

5. Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары М.К.Айманов. Ведомствоның хабарлауынша, өлі табылған тағы үш адамның аты-жөні анықталып жатыр. Жоғалған үш адам іздестірілуде.

Айта кетейік, жарылыс кезінде ТЖМ-ның 50-ге жуық қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақатын алған.

Новости партнеров