Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды
Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соғылып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жетісу полициясының мәліметінше, Ақсу ауданында жергілікті маңызы бар Көлтабан-Матай тасжолында жедел жәрдем машинасы мен «Урал» жүк көлігі соқтығысты. Жол апатынан екі адам қаза тапты.
«Жол-көлік оқиғасына жедел жәрдем машинасының 57 жастағы жүргізушісі кінәлі екендігі алдын ала анықталды, ол рөлге ие бола алмай қалып, жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соғылған. Апат салдарынан жедел-жәрдем машинасының жүргізушісі мен 54 жастағы жергілікті фельдшер оқиға орнында қайтыс болды. Аталған факт бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды»,- деп хабарлады полициядан.