Полицейлер балықты заңсыз аулаған браконьерлерді ұстады

02.02.2022 17:17

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда

Фото: ашық дереккөзден

Түркістандық полицейлер заңсыз 128 келі балық аулаған браконьерлерді ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысы ПД табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері жедел алдын алу іс-шаралары барысында Шардара су қоймасында браконьерліктің кезекті жайтын анықтады.

Яғни, сағат 16:00 шамасында рейдтік іс-шаралар кезінде Шардара ауданы ПБ-нің полицейлері Арал-Сырдария облысаралық инспекция өкілдерімен бірге су қоймасының жағасында заңсыз балық аулаумен айналысқан екі браконьерді тауып, ұстады. Олар Шардара қаласының екі тұрғыны болып шықты.

Тәртіп сақшылары күдіктілерден бір қайық, 500 метр балық аулауға арналған тор мен 128 келі сазан балығын тәркіледі. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.