Қарағандыда жеңіл көліктің иесі жаяу жүргіншінің жағын сындырды, деп хабарлайды nur.kz.
Жанжал жаяу жүргіншінің байқаусызда көлікке тиіп кеткеннен болған.
Оқиға Шахтер даңғылы бойындағы жаяу жүргіншілер жолағында орын алған.
Көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп жатқан ер азамат пен оның жанұясын басып кете жаздаған.
Көліктен атып шыққан жүргізуші ұзап кеткен ер азаматты қуып жетіп, жағынан ұрып жіберген.
Осыдан кейін ер азаматтардың жанжалы аяқталғанымен, көлік иесінің ашуы тарамай жәбірленушінің әйеліне айқайлап, оқиға орнынан кетіп қалған.
Біршама уақыттан соң жәбірленуші жағының ісігенін байқап, қалалық жақ-сүйек бет аурулары ауруханасына барыпты. Дәрігерлер жағының сынғанын айтқан.
Осыдан кейін жәбірленуші тәртіп сақшыларына жүгінген.
Полиция қызметкерлері көлік иесін тез арада құрықтады.
Тексеру барысында көлік жүргізушісі жәбірленушінің бірінші болып соққы дарытқанын айтқан. Бірақ оны дәлелдей алмады.
Нәтижесінде, Қазыбек би аудандық соты айыпталушыны жәбірленушінің денсаулығына қасақана залал келтіргені үшін кінәлі деп тауып, 1 жылға бас бостандығын айыру туралы үкім шығарған.