Сауда орталығы өртенді

14.02.2021 19:05

Өрт болған жерге 24 техника, жеке құрамнан және қаланың өзара іс-қимыл қызметінен 79 адам жұмылдырылды

2gis.kz

Алматыдағы сауда орталықтарының бірінен өрт шықты, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің хабарлауынша, өрт таңғы сағат 8:56-ды шыққан.

«Өрт сөндірушілер «Домиллион» сауда үйінің өртеніп жатқаны туралы хабарды ала салысымен оқиға орнына жетті. Олар келгенде, яғни сағат 09:30-да ғимарат қою түтінге оранған еді. Тексеру барысында газ, түтіннен қорғау қызметі қойманың жанғанын анықтады. Ол жерге биік сатылар қойылып, жедел штаб құрылды. Сағат 09:46-да 40 метр алқаптағы өрт сөндірілді. Сауда орталығында өрт сөндіруші және түтіннен тазартатын жүйе іске қосылып, өрттің кең жайылуын тежеді», – ведомство өкілдері. 

Өрт болған жерге 24 техника, жеке құрамнан және қаланың өзара іс-қимыл қызметінен 79 адам жұмылдырылды.