Балмұздақ алып беремін деп алдаған: ұры ұсталды

20.09.2023 17:19

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған

stan.kz

Шымкентте кішкентай қыз балалардың алтын сырғасын шешіп алған әйел ұсталды, деп хабарлайды  Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Тұран ауданының тұрғыны кішкентай қызының алтын сырғасын бір әйел шешіп алғанын айтып, шағымданған. Ол әйел аулада ойнап жүрген 7 жасар қызға барып, өзін «анаңның құрбысымын» деп таныстырған. Кішкентай қызға «балмұздақ алып беремін» деп алдап, құлағындағы қымбат сырғасын шешіп, ізін жасырған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тергеушілер барлық ықтимал куәгерлерді жауапқа тартып, оқиға орнына жақын орналасқан бейнебақылау камераларының жазбаларын тексерді. Олар күдіктіні анықтап, ұстады.

Тергеуші Нұрдәулет Аязхановтың айтуынша, 23 жастағы күдіктінің басқа да қылмыстық істерге қатысы бар болып шыққан. Бұған дейін ол тағы бір кішкентай қыздың алтын сырғасын дәл осындай жолмен ұрлап кеткен, сондай-ақ егде жастағы әйелдің ақшасын телефонындағы интернет-банкинг арқылы өзіне аударып алған.

Оқи отырыңыз: 20 қыркүйекке арналған валюта бағамы