Аяусыз соққыға жығылған экс-әкім қайтыс болды
Фото : khabar.kz
Ақмола облысының полиция департаменті қайтыс болған ер адамның Бурабайдың экс-әкімі болғанын растады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Аяусыз соққы көрген Бурабайдың экс-әкімі қайтыс болды. Бұл туралы Ақмола облысының полиция департаменті айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Темірбековтің денсаулығына ауыр зақым келуіне байланысты биыл 23 мамырда ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 25 мамырда күдікті айыпты деп танылып, Бурабай ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды. 27 мамырда Бурабай аудандық соты күдіктіге қатысты үй қамауына алу туралы шешім шығарды», – делінген хабарламада.
Ақмола облысының полиция департаменті қайтыс болған ер адамның Бурабайдың экс-әкімі болғанын растады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
19.10.2026 14:45