Қазақстанда бір күнде дәріні қымбатқа сатқан 46 адам ұсталды

elitar.kz
elitar.kz
Қоғамдық кеңестер мен үкіметтік емес ұйымдар да препараттар бағасын бақылау жұмысына белсене атсалысуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Қазақстанда бір күннің ішінде ғана дәрі-дәрмекті қымбатқа сатқан 46 адам ұсталған. Ол туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәселен, дәріханалардың қызметкерлері медикаменттерді сөреден түбіртексіз сатқан жағдайлар көп. Елорда тұрғынының автокөлігінен 700-дей дәрі қаптамасы табылған. Ал, Шымкентте тіпті, әйел адам дәріні өз үйінде отырып саудалаған. Атырауда препараттар косметологиялық клиникада лицензиясыз сатылған. Заңсыз сауданы емхананың басшысы ұйымдастырған. Министрдің айтуы бойынша, осындай келеңсіздіктердің алдын алу үшін еліміздің барлық өңірінде әкімдіктер жанынан мониторинг топтары құрылған. Сондай-ақ, Алексей Цой Қазақстан аумағына дәрі-дәрмек заттарын әкелу процедурасы жеделдетілгенін мәлімдеді.

«Біріншіден, Қазақстан Республикасының аумағына дәрі-дәрмек заттарын әкелу үрдісін жеделдету жұмысын жоспарлаған едік. Қазір бұл нормативтік құжаттарға қол қойылды. Дәрі-дәрмек бүгінде жеңілдетілген тәртіппен қоймалардан бөлшектік компанияларға түсе бастады. Алдағы уақытта ол дәрі-дәрмектер дәріханаларға беріледі. Яғни бұған дейінгі кедергіні еңсердік. Қысқа уақыттың ішінде керекті препараттар нарыққа түседі», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Бұдан бөлек, еліміздің бас дәрігері Атырау, Маңғыстау облыстарында дәрігерлер тапшы болып отырғанын айтты. Кадр жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін колледждер ресурстарын, медициналық жоғары орқу орындарының профессорлық және оқыту құрамын, волонтерлерді жұмылдыру көзделуде. Ал, Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинияттың коронавирус бойынша симптомсыз пациенттермен жұмыс істейтін дәрігерлерге үстемеақы қарастырылмағанын жеткізді. Тек емханаларда инфекциялық сырқаттар бойынша жұмыс істейтін дәрігерлерге келтірілген зиян үшін үстемеақы беру қарастырылған. Себебі емханалардың көбі провизорлық стационарлар ретінде жасақталды. Дәрігерлер вирус ошақтарына барып, үйлерді аралайды, деді ол. Сондай-ақ, вице-министр Қазақстанда пневмонияға шалдыққан науқастардың 98,9 пайызының жағдайы орташа ауыр екенін мәлімдеді.

«Бізден пневмония статистикасы туралы жиі сұрайды. Бүгінгі күні ел бойынша стационарларда ПТР-тест нәтижесі теріс, пневмониямен 28 мың пациент ем алуда. Науқастардың 98,9 пайызының жағдайы орташа ауыр деп бағаланады. Солардың ішінде 330 пациенттің жағдайы ауыр. Одан басқа стационарларда КВИ бойынша ПТР-тест нәтижесі теріс ЖРВИ немесе басқа тұмау аурулары бар деген диагнозбен 4 мыңнан астам адам емделуде», – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.


Новости партнеров