Бұдан бөлек, сот олардан 17 ақбөкенді атқандары үшін өтемақы ретінде 89 миллион теңгені өндіріп алу қаулысын шығарды
Қарағандыда сот марқұм болған инспектор мен оның әріптесі Петр Ницекке шабуыл жасаған үш ер адам мен олардың бір топ заңсыз аң аулаған сыбайластарын кінәлі деп тапты. Күдікті Берік Ахметов, Қайрат Ақшанов және Нұрлан Шүкілдіковтің қылмысы дәлелденіп, олар енді бар өмірін темір тордың арғы бетінде өткізетін болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ал, бұл іске қатысты қалған тұлғалар - Берден Базаров, Батырбек Қайырбеков, Жарасхан Мырзабаев, Айдос Әкімов 6 жылға бостандығынан айырылды. Олар жазасын орташа қауіпсіздік колониясында өтейді.
Сонымен қатар барлық сотталғандар 20 және 30 АЕК көлемінде өтемақы төлеуге міндетті.
Бұдан бөлек, сот олардан 17 ақбөкенді атқандары үшін өтемақы ретінде 89 миллион теңгені өндіріп алу қаулысын шығарды.