Алматыда жыл басынан бері жол-көлік оқиғасынан 46 адам қаза тапты

23.08.2020 17:20

1718 адам жарақат алған

Фото из открытых источников

Алматы полициясы апаттар жиі орын алатын күндерді айтты, – деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері Алматы қаласында жарақаттанған адамдары бар 1 мың 446 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 46 адам қайтыс болды, тағы 1 мың 718 адам жарақат алды. Жүргізушілердің кінәсімен 1 мың 478 жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде 46 адам қайтыс болды және 1 мың 709 адам жарақат алды. Балалардың қатысуымен 254 жол-көлік оқиғасы тіркелді, төрт бала қайтыс болды, 281-і жарақат алды. Жол-көлік оқиғаларының орын алуына ықпал еткен көлік жүргізушілерінің негізгі себептері: – маневр жүргізу ережелерін бұзу – 489, 13 адам қаза тауып, 566 адам жарақат алды; – қозғалыс жылдамдығын бұзу – 452, 24 адам қайтыс болды, 511 адам жарақат алды; – реттелмеген қиылыста жүргізу ережелерін бұзу – 63, қайтыс болғандар – бір, жараланғандар – 72; – қарама-қарсы бағыттағы көлік жолына шығып кету – 10, қаза тапқандар – бір, жараланғандар -23. Жүргізушілердің кесірінен болатын жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері: – жанама соқтығысу – 307, қаза тапқан – бес, зардап шеккендер – 406; – жолай соқтығысу – 222, қаза тапқандар – алты, жараланғандар – 312; – жаяу жүргіншіні қағу – 639, 20 адам қаза тапты, 640 адам жарақат алды; – кедергіні қағу -81, қаза тапқандар – тоғыз, жарақаттанғандар – сегіз;