Қызылордада көлік ішінен адамның денесі табылды

11.07.2019 17:21

Күдікті ретінде облыс орталығының 26 және 41 жасар екі тұрғыны ұсталды

Қызылордада көлік ішінен адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш оқиға Қызылорда қаласында болды. Адам денесінің табылу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен (Адам өлтiру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

«Тәулік ішінде жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар деген күдікпен облыс орталығының 26 және 41 жасар екі тұрғыны ұсталды. Күдіктілер Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Облыстық полиция департаменті қалған мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейтінін мәлімдеді.

Бұдан бұрын Қызылордада автокөлік жаяу жүргіншілер жолында үш адамды қағып кеткенін хабарлаған едік.

Теги: қызылорда