Екібастұзда автобус жүргізушісі мектеп оқушысын қағып кетті
Фото: ашық дереккөзден
Жарақат алған қыз ауруханаға жеткізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Екібастұзда маршруттық автобус жүргізушісі мектеп оқушысын қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Жарақат алған қыз ауруханаға жеткізілді.
"2021 жылғы 25 қарашада сағат 14:42-де Екібастұз қаласында №6 маршрут бойынша жүретін Volvo маркалы автобустың 40 жастағы жүргізушісі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, 2013 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Қыз жаяу жүргіншілер өткелі бойынша өтіп бара жатқан", – деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция көліктің арнайы айып тұрағына қойылғанын атап өтті. Тексеру жүргізіледі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10