Ол Астананың 19 жастағы тұрғыны болып шықты
Елордада лифтілердің бірінде дәрет сындырып, мысықты тепкілеген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Өткен аптаның соңында елордалық тұрғын үй кешенінің лифтісінде бір оқиға болды. Жас жігіт мас күйінде мысықты тепкілеп, лифт ішінде қажетін өтеген. Полицейлер құқық бұзушыны анықтады – ол Астананың 19 жастағы тұрғыны болып шықты», - деді ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек апталық брифингте.
Кінәліге қатысты әкімшілік кодекстің 434 («Ұсақ бұзақылық») және 407-1 («Жануарларға қатыгездік») баптары бойынша бірден екі әкімшілік іс қозғалды.
Кінәлі уақытша изоляторға қамалған. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.
Сондай-ақ, мұндай фактілерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілген.