Қостанай облысынан келген бойжеткенді Астанада көлік қағып, белгісіз жерге алып кеткен

18.01.2019 17:22

Қостанай облысы Денисов ауданының тұрғыны Сабина Жүнісбекованың ата-анасы мен 26 жастағы ағасы бойжеткеннің Астанада із-түссіз жоғалып кеткенін айтады. Сабина елордаға жұмыс іздеп келіпті, деп хабарлайды sn.kz порталы Alau.kz-ке сілтеме жасап.

Бойжеткен отбасымен жиі хабарласып тұрған. 16 қаңтар күні әкесіне қызының телефонынан белгісіз әйел хабарласып, Сабинаны көлік қағып кеткенін, дәл қазір дәріханада екенін жеткізген. Ал куәгерлер қыздың заттарын жинап жүргенде көлік бойжеткенді белгісіз жерге алып кеткен.

Содан әлі күнге хабар жоқ. Туыстарының айтуынша, жол апаты 16 қаңтар күні кешкі сағат 21:00 шамасында Алматы-Мәңгілік ел көшелерінің қиылысында болған.

Сабина Жүнісбекованың туыстары бойжеткен жайлы қандай да бір ақпарат білетіндерге 8 705 452 01 89 немесе 102 пультіне хабарласуын өтінеді.