Абай облысында 3 жасар немересімен бірге ерлі-зайыпты көшеде қатып қалған

03.12.2022 17:24

Кеше марқұмдарды жерлеу рәсімі өткен

tengrinews.kz

Жарма ауданының Шар қаласында қайғылы жағдай орын алды. Үш жасар немересімен қоса атасы мен әжесі де қақаған аязда көшеде қалып кетіп, қатып қалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

ABAI NEWS telegram-каналы таратқан хабарға қарағанда, жас отбасы баласын ата-әжесіне тастап кеткен. Кейін үйдің үлкендері немересін ертіп, қонаққа барған. Аяз күшіне мінген сәтте бірінші болып әйел адам сыртқа бет алған, одан кейін күйеуі мен кішкентай немересі де оның ізімен ілесе шыққан.

Белгілі болғандай, бәрі көшеде біртіндеп қатып қалған, қатты тоңған бала айқайлаған, бірақ оған да ешкім көмекке келмеген.

Жарма аудандық полиция бөлімі бұл фактіні растады. Кеше марқұмдарды жерлеу рәсімі өткен.