Бір жолаушы Кеңқияқ ауылының ауруханасына жатқызылды
Жантүршігерлік жол апатынан 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ақтөбе облысындағы «Покровка -Жаңажол» автожолының 75-шақырымында ВАЗ 2113 автомобилі қарсы жолға шығып кетіп, КамАЗ көлігімен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктегі 3 жолаушы мен оның 26 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал бір жолаушы Кеңқияқ ауылының ауруханасына жатқызылды.
«Құрметті жүршізушілер, жолда жүргенде жол ережелерін сақтап, жылдамдықты асырмай, қарсы бағытқа шықпауларыңызды өтінеміз. Сіздің өміріңіз біздер үшін және отбасыңыз үшін өте қымбат», – деді Темір ауданы полиция бөлімінің басшысы Бауыржан Бақтығалиев.