Павлодар облысында жолаушылар автобусы өртенді

08.04.2021 17:24

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

ҚазАқпарат

Павлодар облысында жолаушылар толы автобус өртенді. Оқиға орнында Павлодар қаласы ТЖБ және өрт зертханасы жұмыс істеуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар – Ленин кенті тас жолында № 38 маркалы МАЗ автобусынан өрт шыққан. 

«Көлік № 1 автобус паркіне тиесілі. Жалын 15 шаршы метр алаңды қамтыған. Өрт туралы хабарлама сағат 08.49-да тіркеліп, сағат 09.07-де толықтай сөндірілді»,– дейді ведомствода. 

Көлікте болған 40 адам өздігінен сыртқа шыққан. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жаудың шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда. Өртті сөндіруге АҚЖ және өрт сөндіру қызметінен екі техника мен тоғыз адам жұмылдырылды.