Елорда полицейлері роликке қатысты тексеруді бастап кетті
Нұр-Сұлтан қаласында мұздай қаруланған жігіттің видеосы пайда болды. Ол ролик astana_sergek паблигінің Instagram желісіне жүктелген. Қолындағы қару арасында пистолет және шокер, үлкен автомат бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Елорда полицейлері роликке қатысты тексеруді бастап кетті. Оның полиция департаменті мәліметше, оның қорытындысы кейінірек хабарланады.
Айта кетейік, ол видеода қару ұстап отырып "астана біздікі" деп бірнеше мәрте айтады.