Таразда тұтқын полицейлердің көзінше қашып кетті

09.08.2021 17:25

Тұтқынның қашу сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған

стоп кадр

Таразда тұтқын полицейлердің көзінше қашып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Тұтқынның қашу сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кейін видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Кадрлардан тұтқын әйелімен қалай құшақтасқанын көруге болады. Олардың жанында полицияның қызметтік көлігі бар, ал ішінде полиция қызметкерлері отыр. Ер адам осы сәтте жағдайды пайдаланып, қабырғадағы құбырға өрмелеп, ғимараттың төбесіне шығады да қашып кетеді. Ал, полиция қызметкерлері оны ұстауға тырысады.

Кейінірек ер адам шынымен қашып кеткені мәлім болды. Алайда біраз уақыт өткен соң әлеуметтік желілерде тағы бір видео пайда болды. Онда бұрын қашып кеткен тұтқын ұсталғаны туралы жазылған.