|
11.02.2019 | 14:00
4595

Астанада бес қыздың өмірін жалмаған өрттің неден шыққаны белгілі болды

Үйдің төбесі мен түтіндіктің арасында қажетті арақашықтық қарастырылмай, мұржа дұрыс бекітілмеген

Астанада бес қыздың өмірін жалмаған өрттің неден шыққаны белгілі болды Stan.kz

Елордада бес қыздың өмірін қыршынынан қиған өрттің шығу себебі анықталды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет мәлімдеді, деп хабарлайды  NUR.KZ.

Ведомствоның мәлімдеуінше, оқыс оқиға түтіндікті өңдеу барысында өрт қауіпсіздігінің бұзылуы салдарынан орын алған. Үйдің төбесі мен түтіндіктің арасында қажетті арақашықтық қарастырылмай, мұржа дұрыс бекітілмеген.

«Бұл жайт өз кезегінде пешті пайдалану барысында өртке әкеп соқты. Үйдің шатыры өртеніп, құлап түсті», - деді азаматтық қорғау облысындағы апатты жағдайлардың қауіп-қатерін төмендету мен бақылау басқармасының басшы орынбасары Жасұлан Ақтаев .

Оның сөзінше, қазіргі таңда басты мәселе - көпшіліктің Төтенше жағдай қызметкерлерін өз үйіне кіргізбеуі болып отыр. Үй иелерінің рұқсатынсыз кіруге олардың құқығы жоқ.

Сол себепті, жергілікті халыққа ескерту бойынша профилактикалық шаралар іске асырылып тұрады. Олар тұрғындарға пешті дұрыс қолданбау қандай қауіпті жағдайға әкеп соқтыратынын түсіндіруге бағытталған.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир