Ауыл тұрғындары құдықтан екі баланың мәйітін алып шыққан
Батыс Қазақстан облысы Жангелді ауданы Бірлік ауылында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 11 тамызда кешке болған. Ауыл тұрғындары құдықтан екі баланың мәйітін алып шыққан. Олар бұл туралы облыстық төтенше жағдай департаментіне хабар берген.
«12 тамызда түнгі сағат 00.20-да 2017 және 2019 жылы туған балалардың құдыққа құлап кеткен туралы хабар түсті. Қайғылы оқиға Жангелді ауданы Бірлік ауылдық округіне қарасты Шошай қыстауында болған. 11 тамызда түскі сағат шамамен 15.00-де ата-ананың қарауынсыз қалған 2 бала тереңдігі 3 метр болатын құдыққа құлап кеткен. Кешкі сағат 18.30-да жергілікті тұрғындар балалардың мәйітін құдықтан алып шыққан», – делінген хабарламада.
Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптама тағайындалды.