Мұхамедиұлы басы дауға қалған «Дос-Мұқасан» әншісіне қатысты пікір білдірді

19.04.2019 17:26

Министрдің пікірінше, жанжалдың екі жағы болады

BNews.kz

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Дос-Мұқасан» тобының әншісі Мұрат Құсайыновтың дауына қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Министрдің пікірінше, жанжалдың екі жағы болады. Бір жағынан ұшаққа отырғызу және ұшу уақытында қажетті тәртіпті сақтау керек. Екінші жағынан - сахна майталманын сыйлау керек.

«Дос-Мұқасан» аңызға айналған топ. Ойлап көріңіздерші, Ұлыбританияда Пол Маккартниді ұшаққа кіргізбей қойса не болар еді?

«Оның үстіне Қазақстанда шаңырақ көтергендердің 90 пайызы «Дос-Мұқасанның» әнімен ортаға шығады. Сондықтан бұл мәселе оңай емес», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Естеріңізге сала кетейік, «Дос-Мұқасан» солисі Мұрат Құсайынов пен әуе компаниясы арасындағы дау желіде қызу талқыға түскен болатын.

Артынша әншінің өзі бұл дауға қатысты пікір білдіріп, өз шындығын айтты.