Павлодарда 9-қабаттың терезесінен құлап кеткен әйел ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД оқиғаның 11 мамыр күні сағат 14.30 шамасында болғанын мәлімдеді.
«112» пультіне 1993 жылы туған әйелдің Академик Бектұров, 109 мекенжайындағы 9-қабаттың терезесінен іргелес орналасқан «Экстрамед» медициналық орталығының шатырына құлап кеткені туралы хабарлама түсті», – делінген ТЖД хабарламасында.
Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Облыстық жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, шұғыл жеткен дәрігерлер омыртқасы сынған әйелді ауыр халде №1 қалалық ауруханаға жеткізген.
Белгілі болғандай, зардап шеккен адам мас болған. Дәрігерлер оған миы шайқалған, қабырғасы мен білегі бірнеше жерінен сынған деген диагноз қойды. Әйел жансақтау бөлімінде жатыр.