Кәсіпкер 10-нан астам ағашты түбімен отап тастаған: эко белсенділер дабыл қақты

 facebook.com
facebook.com
9 емен және қос қарағаш заңсыз кесілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда дүкенімді қалқалады деп кәсіпкер 10-нан астам ағашты түбімен заңсыз отап тастады. Табиғатқа жаны ашымайтындардың әрекеті жексенбі күні әлеуметтік желіде пайда болды. Олар таңғы сағат 04.00-де тұрғындарды оятып, ағаш кесуді бастаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Халық бас пайдасын ойлаған бәзбіреулердің кесірінен сау ағаштардың жойылғанына наразы. Өйткені олар жасыл желектің бірнеше күн Төле би көшесі бойында жайқалып тұрғанын айтады. Ал қала әкімдігі ағаштарды отауға ешқандай рұқсат бермегенін жеткізді.

Алдын-ала ақпарат бойынша, шамамен, 9 емен және қос қарағаш заңсыз кесілген. Қазіргі таңда табиғатқа келген зардаптың мөлшерін арнайы құрылған сараптама анықтап жатыр. Белгілісі, Жасыл экономика басқармасы 2 күн бұрын ғана осы маңда 40 шақты боз арша еккен. Өз кезегінде, алматылық эко белсенділер еменнің қызыл кітапқа енгенін айтады. Сондықтан оны отағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс деп санайды.

«Бізде ағашты отап алады да, тек әкімшілік жауапкершілік арқалайды. Мәселен, ірі нысандар әкімшілік кодекс негізінде жазаланады. Жазаның ең жеңілі сол, 386-бап бойынша 15 айлық есептік көрсеткіш қарастырылған. Ақшалай айтсақ, 41 460 теңге. Бар болғаны осы сомма. Бұл тіпті ең аз жалақыдан да аз. Сонда сап-сау емендер үшін жеңіл жазамен құтылып кетеді», – деді эколог Тимур Елеусізов.

Новости партнеров