Алматыда автобус жүргізушісі жолаушымен төбелесті (ВИДЕО)

16.05.2019 17:28

Алматыда жолаушы мен автобус жүргізушісі арасында төбелес болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлер төбелесті видеоға түсіріп алып, Facebook желісіне жариялап қойды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жүргізушінің бірнеше аялдамаға тоқтамай өтуі жолаушылардың наразылығын тудырған. Оның үстіне жүргізуші ұзақ уақыт бойы автобус есіктерін ашпай, адамдарды шығармай қойыпты.

«Құрметті Алматы қаласының қоғамдық көліктер бойынша жауапты өкілдері. Бүгін, яғни 16.05.2019 сағат 14.15-те, біз 137-автобуста болған едік. Маршрут бойынша орналасқан екі аялдамадан тоқтамай өткен жүргізушіге қатысты шараларды қолға алуды сұраймыз. Шағымымызға дәлелді мына видеодан көрсеңіздер болады», - деп жазды видеоның авторы Мадина Иманқұлова-Мыңжасарова.

Дегенмен де, «Алматы электротранс» компаниясы аталмыш оқиғаға әлі түсініктеме берген жоқ.

Теги: водитель