Қостанайда әйел тірідей өртеніп кетті

06.02.2019 17:45

5 ақпанда Қостанайда қайғылы жағдай орын алды. Қаладағы жекеменшік үйлердің бірінде әйел тірідей өртеніп кетті, деп жазды Stan.kz.

«30 шаршы метр аумақта үйдің қабырғалары, едені, төбесі өртенді. Өрт сағат 19:50-де ауыздықталып, 2:04-те толық сөндірілді. Оқиға орнынан 1941 жылғы әйелдің денесі табылды», – дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында 35 адам мен 7 техника жұмыс істеді.