Шымкентте тергеу изоляторында отырған күдікті қайтыс болды

30.11.2023 17:29

Басты себеп – жедел жүрек-қан тамыр және тыныс жетіспеушілігі мен мидың ісінуі

elements.envato.com

Шымкентте тергеу изоляторында отырған 29 жастағы күдікті қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

29 жастағы ер адамға ҚР ҚК 262, 287, 307 және 194-баптарында көзделген бірқатар қылмыс жасады деген айып тағылған болатын. 14 қарашада ол науқастанғандықтан «Т. Орынбаев» атындағы гипербариялық оксигенация орталығының жан сақтау бөліміне жатқызылған. Ал 22 қарашада сағат 20:35-те жүргізілген ем нәтижесіне қарамастан қайтыс болды. Басты себеп – жедел жүрек-қан тамыр және тыныс жетіспеушілігі мен мидың ісінуі.

«Барлық қажетті сараптама тағайындалды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мүддесіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД тарапынан ұсынылған ақпаратта.