Қазіргі кезде осы іске қатысы бар деген күдікпен бір адам ұсталды
Белгісіз біреулер екінші деңгейлі банктің мәліметтер базасын бұзып, 5 адамның есепшотында жатқан ақшаны басқа жерге аударып алған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Қазіргі кезде осы іске қатысы бар деген күдікпен бір адам ұсталды.
Ресми мәліметке сәйкес, полицияға банктің өкілі арызданған. Оның айтуынша, хакерлер жеке тұлғалардың мәліметтер базасына кіріп, ақшаны жалған есепшотқа аударып қойған.
Шығынның көлемі айтылмай отыр.
«Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бір адам ұсталды. Ақмола облысы полициясының криминалдық басқарма қызметкерлері оны Hi-tech шұғыл алдын алу шарасы аясында қолға түсірген», – дейді полицейлер.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 2-тармағы бойынша (Алаяқтық, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен) сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.