Павлодарда 17 жастағы бозбаланың денесі табылды

11.10.2021 17:30

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Иллюстративное фото Константина Шелкова

Павлодарда 17 жастағы бозбала өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Кәмелет жасына толмаған 2004 жылы туған баланың денесі 9 қазан күні Шөкин көшесі, 100 мекенжайынан табылған.

«Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша («Өзін-өзі өлтіруге жеткізу») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінде. 


Теги: Павлодар