Зардап шеккендер жоқ
Ақмола облысында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 16 қарашада сағат 12:50-де Астана – Қарағанды учаскесінде болған.
"Жүк пойызының өтуі кезінде вагондардың рельстен шығып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Басқа пойыздарға кідіріс болған жоқ. Пойыздар іргелес жол бойымен жүріп жатыр", - делінген хабарламада.
Рельстен шығу салдарын жою үшін Астана және Қарағанды станцияларынан қалпына келтіру пойыздары жөнелтілді.