Шымкентте джип жүргізушісі блок-бекеттегі полицияны қағып кетті

19.04.2020 в 17:31

Жүргізуші оқиға орнында қолға түсті

Шымкентте «Lexus LX 570 көлігінің жүргізушісі блок-бекетте кезекшілікте тұрған полиция қызметкерін қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 18 сәуір күні қаладағы Бәйдібек пен Төлеметов көшелеренің қиылысында тіркелген. «Lexus LX 570» көлігінің 33 жастағы жүргізушісі солға бұрылған сәтте инспекторды қағып өтті.

Полиция қызметкері орта дәрежеде жарақат алды. Қазір ауруханада ем қабылдап жатыр.

«Қазіргі уақытта көлік жүргізушісі уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу жұмыстары басталып кетті. Енд ол айыбына қарай жазаға кесілетін болады», - делінген хабарламада.