Оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін ішкі тергеу тағайындалды
Степногорскіде №3517 әскери бөлімінің әскери сарбазы өз-өзін басынан атқан, деп хабарлайды zakon.kz.
"22 сәуірде сағат 07:30 шамасында №3517 әскери бөлімінің (Степногорск қ.) қатардағы әскери сарбазы Б.А. Рашев түзеу мекемесін күзетіп жүргенде қолындағы қарумен өз-өзін басынан жарақаттап, көз жұмды", – дейді ҚР Ұлттық гвардиясының баспасөз қызметіндегілер.
Әскери сарбаз қайтыс болғаннан кейін бұл туралы Ақмола гарнизонының әскери прокуратурасына хабарланды.
Оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы ішкі тергеуді тағайындап, "Орталық" өңірлік қолбасшысы басқаратын жұмыс тобы оқиға орнына жіберілді. Ішкі тергеу нәтижелері кейін жарияланады.