Алматы тұрғыны 24 жыл бұрын адам өлтіргенін мойындады

09.07.2019 17:32

Ол 1995 жылы 20 жастағы бойжеткенді өлтіргенін мойындады

Батыс Қазақстан облысында осыдан 24 жыл бұрын болған қылмыстың беті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ер адам қылмысын мойнына алып, марқұмның денесін қайда жасырғанын көрсету үшін Ақсайға келген. Ол 1995 жылы 20 жастағы бойжеткенді өлтіргенін мойындады.  

«Адам сүйегі табылғаны туралы мәлімет WhatsАpp мессенжерінде тарап кеткен болатын. Алматыда тұратын ер адам осы жағдайдан кейін, яғни 6 шілде күні кінәсін мойындап, полицияға өзі келді. Енді оны сот күтіп тұр», – деп мәлімдеді БҚО ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Болатбек Белгібеков.

Аталмыш жағдайдың егжей-тегжейі анықталып жатыр.