Мешітке белгісіз біреу заңсыз кіріп, садақа жәшігінің ішінен 10 мың теңге ақшасын жасырын жымқырып кеткен
Түркістан облысының полицейлері садақа жәшігіне ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.
Түркістан ҚПБ-не жергілікті тұрғын, орталық мешіттердің бірінің қызметкері арызданады. Оның айтуынша, мешітке белгісіз біреу заңсыз кіріп, садақа жәшігінің ішінен 10 мың теңге ақшасын жасырын жымқырып кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша тіркелді.
Орын алған ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні ұстау мақсатында қалалық полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер барлық қажетті шараларды іске асырды. Көрген-білгендерден жауап алып, жақын аймақтарды, бейнебақылау камераларын мұқият тексерді. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті ретінде бұрын сотты болған Кентау қаласының тұрғыны анықталды.Тергеу барысында күдікті мешіттің есігі ашық тұратынын пайдаланып, шарбағынан асып түсіп, ішіне заңсыз кіргені анықталды. Содан қағаз ақшаларын ала алмайтын болғасын, садақа жәшігін сілкіп, тиындарын шығарып, алып кеткені белгілі болды. Ұрланған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергенін мойындап отыр. Күдіктінің бас шарасы қолхатпен босатылды.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлерітұрғын-үйлеріңізбен, басқа да ғимараттарыңыздыжарықтандырып, күзет дабылын, бейнебақылаукамераларын орнатуға кеңес береді.