Ол оқиға орнында көз жұмды
Шымкентте зейнеткер аурухананың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
№1 қалалық аурухананың үшінші қабатындағы терезеден 72 жастағы ер адам құлап кетіп, оқиға орнында көз жұмған. Қайғылы оқиға кеше кешкі уақытта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамның мәйітінде зорлық-зомбылық белгілері табылмаған.
Оқиға орнында зейнеткер ауруханаға өз-өзіне қол жұмсау әрекетінен кейін түскені айтылған.
"Бұл нұсқаны қалалық денсаулық сақтау басқармасы әлі растаған жоқ. Ол Әл-Фараби ауданына қарасты Айқап шағынауданында тұрады. Отбасы, бала-шағасы бар. Куәгерлердің айтуынша, бір-екі күн бұрын баласы атасына қонаққа келген. Қазір барлық нұсқа тексеріліп, мән-жайы анықталып жатыр", - деді Otyrar.kz тілшілері.