Бір топ әйел ер адамды соққыға жықты

03.03.2020 17:35

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 293-бап 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

rsute.ru

Көкшетау қаласының үш азаматшасы ер адамға дене жарақатын салды деп күдіктенуде,- деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 1 наурыз таңғы сағат алты шамасында орын алды. “102” пультіне қаладағы ойын-сауық орындарының бірінің жанындағы төбелес туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Полиция қызметкерлерінің анықтауы бойынша, жандалға 43 жасар ер адам және 38, 41 және 42 жастағы 3 әйел адам қатысты. Олардың барлығы кафеде отырды. Ер адам әйелдер отырған үстелге келіп, олардың арасында кенеттен жанжал басталған. Мекеме әкімшілігі оларды далаға шығарып жіберді.

Жанжал кезінде ер адамға дене жарақаты келтірілген. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 293-бап 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілерге қатысты іс жүргізу “келу туралы міндеттеме” шарасы таңдалды.