Қостанай облысында ұлы анасын өлтірді деп айыпталуда

06.03.2019 17:35

Марқұм мен оның ұлы оқиға кезінде мас болған

sn.kz

Қайғылы оқиға 2 наурызда Қарабалық ауданындағы Бұрлы ауылында болған. Ер адам өз анасын өлтірді деп айыпталуда. Бұл туралы Қостанай облыстық Полиция департаменті полиция қызметі басшысының орынбасары Андрей Григоревский хабарлады, деп жазады alau.kz.

«62 жастағы әйел қаза тапқан. Тексеру кезінде күдікті анасына ренжулі екені және  оның жеке өміріне араласқаны белгілі болды», – дейді жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Андрей Григоревский.

Марқұм мен оның ұлы оқиға кезінде мас болған. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде.

Ер адам қамауға алынды.