Ақтауда жүргізуші бекетте тұрған полицейді қағып кеткен
Өңрілік полиция департаментіндегілер полицейді қағып кеткен Toyota Hilux жүргізушісінің ұсталғанын айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақтауда жүргізуші бекетте тұрған полицейді қағып кетті, деп хабарлайды tengrinews.kz.
Басылымның мәліметінше, бұл оқиға 22 сәуірде "Достық" сауда үйінің маңында болған.
Куәгерлердің айтуынша, жол апатынан полицей зардап шекті. Ол Маңғыстау облыстық аурухананың травматология бөліміне жеткізілген.
Өңрілік полиция департаментіндегілер полицейді қағып кеткен Toyota Hilux жүргізушісінің ұсталғанын айтты.
"Шамамен сағат 21.15-те 26-ықшамауданда "Достық" сауда үйінің маңында 54 жастағы жүргізуші бекетте тұрған полицейді қағып кетті. Жол апаты салдарынан полицейлер жеңіл деңгейдегі жарақат алды. Жүргізуші оқиға орнында ұсталды. Оған қатысты екі әкімшілік хаттама толтырылды", - дейді өңірлік полицейлер.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
26.10.2026 09:15
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
26.10.2026 17:15
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05