Елімізде бір апта ішінде 3 295 қылмыс жасалды

12.04.2021 17:36

Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты

Фото: ашық дереккөзден

Бір апта ішінде елімізде 3 295 қылмыс жасалды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ІІМ өкілінің дерегінше, апта ішінде орын алған 3 295 қылмыстың 2 144-і тәулік ішінде ашылған. 

«Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 15 кісі өлтіруді, 6 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 29 тонау және 480 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты»,– деді ол ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында. 

Сонымен қатар ол өткен аптада ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев Сенатта Қырғызстанмен көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы заң жобасын ұсынғанын айтты. Министрлік дерегінше, өткен жылы Қазақстанға Қырғызстанның 281 мыңнан астам азаматы келген. Көрші елге 175 мың қазақстандық барған.